Украина Қарулы күштері Путиннің «оқ өтпес» ракетасын атып түсірді
КИЕВ. 6 мамыр. Украина Әуе қорғанысы күштері Ресейдің дыбыстан жылдам ұшатын, оқ өтпейді деп есептеліп келген «Кинжал» ракетасын өртеп жіберді. Бұл туралы украин пабликтері деректеріне жүгінген rast.kz хабарлайды.
Украина Әуе күштерінің қолбасшысы генерал Микола Олещук осының ақпарын телеграм-каналға: «Украин халқын тарихи жеңістерімен құттықтаймын! Иә, біз Ресей «ешқандай теңдесі жоқ» деп жүрген «Кинжалын» атып түсірдік», – деп жазды.
Олещуктің сөзіне қарағанда, 4 мамыр күні түнгі жаппай шабуыл кезінде Ресей территориясынан МиГ-31К ракетасы ұшырылған. Оны Киев үстіндегі аспан төрінде Patriot әуе шабуылына қарсы жүйесі ұшырып түсірген. Негізі, Батыстағы әріптестер жеткізіп берген бұл кешен РАС-3 моделіндегі баллистикалық ракеталарды қағып түсіруге қабілетті екен.
Кейінірек Украина Қарулы күштері Ресейдің Х-47 модельді «Кинжал» ракетасын Patriot кешенінің өртеп жібергенін растады. Бұдан бөлек, украин әскерлері сол күні түнде Иран өндірісінің 8 «Шахед» дронын да күл-талқан еткені белгілі болды.
«Patriot кешенінің соңғы моделі гипердыбысты «Кинжал» және «Циркон» ракеталарын атып түсіруге қабілетті», – деп атап өтті Би-би-си.