Партизандар орыс жазушысы Прилепиннің машинасын жарып жіберді
МӘСКЕУ. 6 мамыр. Нижний Новгород қаласының түбінде Ресейдің боевик жазушысы Захар Прилепиннің жеке автомобилінің күлі көкке ұшты. Бұл туралы ресейлік таблоидтар дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Жазушы және «Справедливая Россия» партиясының мүшесі Захар Прилепиннің Audi Q7 көлігі жарылып кетті. Оқиға орнында Луганскіден келген Александр Шубин есімді 27 жастағы жүргізуші қаза тапты. Сол кезде көлік ішінде отырған жазушы жарақаттанып қалған.
Оқиға болған жерге бірден блок-пост орнатылған.
«Жарылыс Бор қаласынан 50 шақырым жерде орын алған», – деп жазады Baza.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің ішіне жарылғыш зат қойылған.
Қазір Прилепинге дәрігерлік көмек көрсетілуде. РБК өзінің ішкі істер министрлігіне жақын мәнбесіне сілтеме жасап, жазушының өте ауыр хәлде жатқанын баяндайды. Оның бір аяғы қатты жарақат алған. Енді аяқтың кесіп тасталуы да мүмкін.
Блогер Анатолий Шарий да жазушының ахуалы ауыр екенін айтады. «Қазір оның өмірі үшін күрес жүріп жатыр» деп жазады ол.
Кейінірек «Интерфакс» та қаламгердің жағдайы ауыр екенін хабарлады. Агенттік дәрігерлер консилиумы Прилепинді Мәскеуге апарудың қажеті жоқ, операция Нижний Новгородта жасалады деп шешті.
РБК-ның хабарлауынша, жазушы РФ армиясы оккупациялап ал,ан Донецк және Луганск облыстарынан Мәскеуге қайтып келе жатқан. Жолай Нижегород облысы арқылы жүріп, тамақтану үшін бір кафеге тоқтаған. Ал қайтып келіп, машинаны от алдырғанда, ол жарылып кеткен. Шамасы, қастандық жасаушылар сол кезде көлік капотына жарылғыш зат қойып кетсе керек.
Shot телеграм-каналы хабарлағандай, жарылыс тіркелген жерде диаметрі шамамен 1,5 метрдей, тереңдігі 0,7 метрдей келетін шұңқыр пайда болған.
Кейінірек РИА «Новости» жазушы Захар Прилепин көлігінің жарылысына күдікті ретінде бір ер кісі ұсталған. Бірақ оның аты-жөні айтылып отырған жоқ.
Бұдан кейін жарылысқа жауапкершілікті ресейлік «Атеш» партизандар қозғалысы өз мойнына алған. РФ мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Илья Пономарев жарылысты «Ұлттық республикалық армия» жасағанын жариялады.
Захар Прилепин – Ресейдің Украинаға қарсы соғысына2014 жылдан бері қолдау білдіріп келе жатқан. Ол 2023 жылдың қаңтарында Росгвардиямен келісімшартқа отырып, соғысқа қатысу үшін Украинаға кетіп қалған. Содан бұрын, 2017 жылдың ақпанында «ДХР» дегендегі батальон командирінің орынбасары болған.
Суреттерде: 1. Прилепиннің машинасы жарылғаннан кейін; 2. Захар Прилепин деген нацист осы; 3. Қарсылық күштерінің Прилепинге жіберген жазбалары