ДДСҰ ресми түрде коронавирус пандемиясы мәртебесін алып тастады
ЖЕНЕВА. 6 мамыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ресми түрде коронавирус пандемиясы статусының алынып тасталғанын жариялады. Бұл туралы шетел ресурстарының ақпаратына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2020 жылы жарияланған кең ауқымды коронавирус пандемиясы статусын тоқтатты», – деп мәлімдеді Женевада жұма күні өткен брифингте ДДСҰ басшысы Адханом Гебрейесус.
Оның айтуынша, COVID-19 жұқпалы кеселінен аталмыш мәртебені алып тастау бастамасын ДДСҰ-ның сарапшылар комитеті көтерген.
«Мен осы кеңесті басшылыққа алып, пандемияның тыйылғанын жария еттім», – деді ол.
Осылайша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды4 бұдан былай әлемдік төтенше жағдай болып саналмайтынын атап өтті.
Адханом Гебрейесустің ДДСҰ-ның мәліметі бойынша, пандемия жарияланған 2020 жылдан бері пандемиядан 20 миллион аламның қайтыс болған.,
«Ресми дерекке сәйкес, 7 миллион адам өлген, бірақ шын цифр бұдан едәуір көп. Әңгіме кемінде 20 миллионға жететіні туралы болып отыр», – деді ол.
Осы жылдары Қазақстанда 1 407 823 адам коронавирус жұқтырған, олардың 1 392 414-і жазылып шыққан, ал 13 843 адам жантәсілім еткен.