ГААГА. 4 мамыр. Украина президенті Володимир Зеленьский Нидерландтағы Халықаралық қылмыстық сотта сөйлеген сөзінде енді Гаагадан Путинді көргілері келетінін айтты. Бұл туралы шетел пабликтерінің деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина президенті агрессор мемлекеттің басшысы Владимир Путинді соғыс қылмыстары үшін Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың соттайтынына сенім білдірді.
Володимир Зеленьский Нидерландқа бүгін ұшып келді. Бұл оның аталмыш елге бірінші ресми сапары болып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары оның келген бойда Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттемен кездескенін жазып жатыр. Бұдан кейін украин лидері Гаага келіп, «Әділетсіз бейбітшілік жоқ» деген тақырыпта сөз сөйледі. Соңынан аты аңызға айналған Халықаралық қылмыстық сотта болды.
«Құрметті Нидерланд халқы, біз бүгін осында, сіздердің күшті елдеріңізде, бостандық пен әділдік, негізгі құндылықтар жерінде болғанымыз үшін қуаныштымыз. Біз, сөз жоқ, енді бұл жерден басқа Владимирді де көргіміз келеді. Гаагадан. Өзінің қылмыстық әрекеттері үшін сотталуға тиісті адамды. Бұл осы жерде, халықаралық құқықтар астанасында жүзеге асуы тиіс. Мен біз жеңгеннен кейін солай болатынына сенімдімін. Ал біз шынында жеңіске жетеміз», – деді Володимир Зеленьский өзінің сөзінде.
Ол сөзінде сондай-ақ Украинаның майдандағы ұрыс қимылдарын тоқтату үшін гибридті иммуенитетке (соғыс қылмыскерлері үшін) немесі гибридті әлемге жол бере алмайтынын атап өтті. Былайша айтқанда, соғысты тоқтату үшін ғана соғыс қылмыскерлерін кешіре салуға келіспейтіндерін білдірді.
«Тек сенімді бейбітшілік, нағыз бейбітшілік, нағыз бостандық, нағыз әділдік. Бізге қазір керегі де тек осылар», – деді Зеленьский.