Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Шиеліде 17 жасар оқушы жасаған апаттан оның сыныптасы қаза тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 мамыр. Өткен түнде Шиелі ауданында мектеп бітіруші түлек жол апатын жасап, бір сыныптасының тіл тартпай кетуіне себепші болды. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Өткен түні Шиелі ауданында қайғылы жағдай болды. 11 сыныптың 4 оқушысы көлік апатына ұшырап, біреуі тіл тартпай кетсе, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр», – деп жазды әлеуметтік желіде журналист Үйболған Жареке.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 17 жастағы жеткіншек Toyota автокөлігінің тізгініне ие бола алмай, жол-көлік оқиғасын жасаған. Апат салдарынан ондағы 1 жолаушы көз жұмып, қалған үшеуі жүргізушімен бірге жарақат алған.

Ауданнан ақпарат жіберген инсайдер каза тапқан оқушының министр Ғани Бейсембаев оқыған мектептің бітіруші түлегі екенін атап көрсетеді. Ол марқұм бозбаланың жалындап жанып тұрған жеткіншек болғанын айтады. Ал көліктің рулінде отырған жасөспірімнің бұл бірінші көзге түсуі емес. Әкесі базар иесі, белгілі кәсіпкер болғандықтан, ол бұған дейін көлікті ызғытып жүрген. «Ықпалдан ыққан тәртіп сақшылары көрсе де көрмегенситін» деп жазады инсайдар одан әрі.

Куәлардың баяндауынша, аудан орталығындағы №219 және №244 мектептердің биылғы түлектері трассада бір-бірімен жарысқан көрінеді.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button