Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Қытай Кремльге дрон соққысынан жағдайды ушықтыруға «тыйым салды»

БЕЙЖІҢ. 4 мамыр. Қытай билігі Ресейге дрондар шабуылын сылтау етіп, ахуалды қасақана асқындыра түспеуге кеңес берді. Бұл туралы шетел таблоидтары дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Жүңге сыртқы істер министрлігі Ресей астанасының орталығында Путин резиденциясына ұшқышсыз авиацияның шабуыл жасауына байланысты мәлімдеме жариялады. Онда іс жүзінде Ресей президенті Владимир Путинге дронға қатысты инциденттен кейін эскалация жасамау бұйырылған.

«Ресей билігі болған оқиғаны дереу іле-шала теракт және Путиннің өміріне қастандық жасау деп жамыраса жөнелген еді. Алайда ресми Бейжің Мәскеудің елірген екпіндерін бірден су сепкендей басып тастады», – деп жазады The Moscow Times.

ҚХР мәлімдемесінде жанжалдасушы тараптар «жағдайды одан бетер ушықтыра түсуге алып баратын әрекеттерден қашық болулары тиіс» екені атап көрсетілген.

Ведомстводағылар РФ-ның Украинадағы соғысына Қытайдың позициясы тап осындай екенін атап көрсетеді.

РФ билігі үшін нағыз шапалақпен беттен ұрғандай масқара болған Кремльге түнгі шабуыл Ресейдің өз ішінде үлкен жанжал туғызып жіберді. Жергілікті билік кек қайтару ретінде Украинаға соққы беруді талап етті. Ресей шенеуніктері, дума депутаттары айқайды қаттырақ шығару тұрғысында өзара жарысқа түсіп кетті.

Бұдан бұрын Қытай лидері Щи Дзиңпиң Мәскеуге сапармен келіп, Путинмен кездескеннен кейін Володимир Зеленьскиймен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button