РФ әскерлері Кремльге шабуылды желеу етіп, Киев пен Одессаға дрон жіберді
МӘСКЕУ. 4 мамыр. Ресей әскерилері Кремльге жасалған шабуылға жауап ретінде Киев пен Киев облысына ұшқышсыз ұшақпен соққы берді. Бұл туралы Ресейдің «Настоящее Время» порталына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ресей әскерилері 4 мамырға қараған түні Украинаға дронмен және ракетамен шабуыл жасады. Киев пен Киев облысында жарылыстар үні естілді, ПВО жүйесі іске қосылды», – деп баяндайды Киев қалалық және облыстық әкімдіктерінің телеграм-каналдары.
Киев қалалық әскери әкімдігінің мәліметінше, ресейлік әскерилер украин астанасын ракетаның баллистикалық типтімен атқылаған. Оларды украинның әуе қорғанысы күштері нысанаға жеткізбей, жойып жіберіп тұрған.
Кейін Киевтің патрульді полициясы Украина астанасының Подол, Печера және Шевченко аудандарынан дрондардың қаңқаларын тауып алған. Құлаған беспилотниктер автотұрақтарда тұрған машиналар мен жолдар жабындарына зақым келтірген.
«Одесса жақта да жарылыстар даусы естілді», – деп жазады УНИАН. Украинаның «Оңтүстік» жедел командованиесінің мәліметінше, қалаға иранның «Шахед» маркалы 15 ұшқышсыз ұшағы шабуылдаған. «Дрондар Одессадағы оқу орындары бірінің жатақханасына соққы берген. Содан тұтанған өрт жедел өшірілді. Адамдар зардап шеккен жоқ», – делінген хабарламада.