Оккультист: Украин шабуылы РФ-ны таратып, Путинді өлтіріп тынады (видео)
КИЕВ. 30 сәуір. Белгілі көріпкел украин армиясының жеңісі РФ мен оның президенті Владимир Путиннің тағдырын біржола шешіп беретінін болжады. Бұл туралы «Диалог.ua» сайтының ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Украинның кең көлемді қарсы шабуылындағы табысы Путиннің кенеттен жантәсілім етуін жеделдетеді», – деп сендірді оккультист Андрей Космач.
«Мамырдың бірінші-екінші онкүндігінде басталатын украин қарсы шабуылы РФ-ның ыдырауы мен диктатор Владимир Путиннің өліміне алып барады», – деді ол тағы.
Ресейлік оккультист, философ Андрей Космач блогер Марк Фейгиннің YouTube-каналдағы эфирінде сөйлеген сөзінде осындай болжам айтты. Оның ақпары бойынша, украинның мамырдың ортасында кең ауқыммен басталатын қарсы шабуылы биылғы, 2023 жылғы тамыздың үшінші онкүндігі мен қыркүйектің алғашқы онкүндігінде орасан зор табыспен аяқталады. Ондағы түйінді оқиғалардың бірі Украина туының Қырым жерінде қайта желбіреуі болады, содан кейін РФ-ның ішінде тұрақсыздық кезеңі басталады.
«Украина қарсы шабуылы, Қырым көпірінің қиратылуы сөзсіз орын алатын жайт. Қырымдағы Украина жалауы аса қуатты соққы толқынын туғызады, нәтижесінде Ресейдің бүкіл жүйесі дүркін-дүркін қирау жолына түседі, оның соңы алапатқа алып барады. Бұл Ресейді келіссөз процесін бастауға мәжбүр етеді», – деді оккультист.
Космач Киев өзінің батыстық әріптестерімен бірге РФ диктаторымен және оның режимімен бейбітшілік туралы келіссөз жүргізуден бас тартады. Бұл РФ-ның ықпалды күштерін мемлекеттік төңкеріс жасап, «түйінді ойыншы» ауыстыруға мәжбүр етеді.
«Тарих бізге бір ғана вариант – Ресейдің «мемлекеттік төңкеріс» деп аталатын дәстүрін ұсынады. Ал одан ары ел көптеген жеке құрамдас бөліктерге бөлініп кетеді… XX ғасырдың басында большевиктер ауыздықтай алған, 90-шы жылдардың басында Ельцин жолын кесе білген нәрсені енді ешкім де жасай алмайды. Ресейге империя ретінде нағыз ыдырау енді ғана басталғалы тұр. Кеңістіктік Ресейге өзінің үкімін шығарып қойды, тап осы себеппен мемлекеттің басына Путинді әкелді. Путин – Пушкиннің «Балықшы мен балық» деген ертегісіндегі кемпірдің көргендерінің барлық кезеңін өз мансабының финалына дейін көріп шыққан өзінше бір құбылыс. Кеңістік оны жаңа герострат ретінде өмірге әкелді. Ақырында Путинге пісіп-жетілмеген империяның қалай қиратылғанын сұмдық қорқынышты түс секілді өз көзімен көргізді», – деді Космач.
«Осы оқиғалардың соңынан Ресей диктаторының талқаны таусылады», – деп сендіреді сарапшы.
«23-тің күзінде күнге шоқжұлдыздың 8-ші белгісі, Сарышаян белгісі кіреді. Сарышаян 23 қазаннан 23 қарашаға дейін күннің аясында болады… Сарышаян өлім уытын себеді, оның құйрығында у жүреді. Путиннің тағдыры, оның сағат екіде туғанына сәйкес, жұқа жіп секілденіп ілініп тұрады, ол 8-ші белгіде, Сарышаян белгісінде үзіліп кетеді», – дейді Космач. Осымен оның өмірі де бітеді.