19 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдері (U18) элиталық топқа шықты

30 Сәуір 2023 22:52
- Жаңалықтар, Сайыс
Хоккейден Қазақстан жасөспірімдері (U18) элиталық топқа шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АНЖЕ. 30 сәуір. Хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Анже қаласында аяқталған әлем чемпионатында бірінші болып, элиталық дивизионға жолдама алды. Бұл туралы Prosports.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Біздің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер соңғы турда алаң иелері – Франция құрамасын 6:1 етіп күйрете жеңді. Енді олар келесі жылы элиталық дивизионда ойнайтын болады. Қазақстандықтар сапынан Александр Мигунов, Никита Ситников, Бейбарыс Оразов, Кирилл Канкин, Дәулет Нүркенов және Егор Левковец мергендіктерімен көзге түсті.

Чемпионат 23-29 сәуір аралығында өтті.

Бас жаттықтырушы Сергей Старыгиннің шәкірттері турнирде 5 матч өткізіп, соның 4-інде ірі есеппен жеңіске жетті. Атап айтқанда, 23 сәуірде Венгрияны – 3:0, 24 сәуірде Жапонияны – 5:0, 27 сәуірде Украинаны – 5:0, ал 29 сәуірде Францияны 6:1 етіп тізе бүктірді. Тек 26 сәуір күні ойламаған жерден Даниядан 3:8 есебімен ұтылып қалды.

Чемпионатта Қазақстан құрамасы 12 ұпай жинады. Бұдан кейін 11 ұпайы бар Дания – екінші, 8 ұпайлы Жапония – үшінші, 7 ұпайлы Венгрия – төртінші, 5 ұпайлы Украина – бесінші, 2 ұпайлы Франция алтыншы орындарға орналасты.

Қазақстан құрамасы мына құрамда ойнады: қақпашылар – Владимир Никитин (07.01.2005, 5 ойын, 2 шайба жіберіп алды), Владимир Истомин (12.04.2005, 2 ойын, 7 шайба), қорғаушылар – Бейбарыс Оразов (06.05.2005, 5 ойын, 1 гол соқты), Аслан Жүсіпбеков (10.03.2005, 5 ойын, 2 нәтижелі пас берді), Денис Леута (08.08.2005, 5 ойын, 2 пас), Даниал Шақшақбаев (30.06.2005, 5 ойын, 1 пас), Рахат Оспанов (21.05.2005, 5 ойын, 1 гол), Роман Большедворский (18.06.2006, 5 ойын), Глеб Решетько (30.03.2005, 5 ойын), шабуылшылар – Әділ Бейсембаев (09.04.2005, 5 ойын, 4 гол, 3 пас), Кирилл Ляпунов (11.05.2005, 5 ойын, 3 гол, 4 пас), Александр Ким (26.09.2005, 5 ойын, 3 гол, 1 пас), Семен Симонов (17.06.2005, 5 ойын, 2 гол, 2 пас), Артур Гросс (08.02.2005, 5 ойын, 2 гол), Никита Ситников (18.09.2005, 5 ойын, 2 гол), Дәулет Нүркенов (24.04.2005, 5 ойын, 1 гол, 4 пас), Асанәлі Русланұлы (15.06.2005, 5 ойын, 1 гол), Александр Мигунов (08.04.2005, 5 ойын, 1 гол, 2 пас), Кирилл Канкин (13.01.2005), Егор Левковец (08.05.2005, 5 ойын, 1 гол), Арыстан Әмірқанов (13.04.2005, 5 ойын, 1 пас), Владимир Корчагин (16.04.2005, 5 ойын, 1 пас), Тимофей Симонов (10.05.2006, 1 ойын).

Қазақстан құрамасының мүшесі Әділ Бейсембаев турнирдің ең үздік мерген шабуылшысы атанды.

Таңбалар: жасөспірімдерқазақстан құрамасыхоккей

Ұқсас мақалалар

Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді
Жаңалықтар

Тоқаев шахмат олимпиадасында екінші орын алған Қазақстан құрамасын құттықтады

28.09.2026
«Барыс» сырт алаңдарда қатарынан екінші рет ірі жеңіске жетті
Жаңалықтар

«Барыс» сырт алаңдарда қатарынан екінші рет ірі жеңіске жетті

23.09.2026
Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist