Саратовта «Вагнер» сапында кісі өлтіруге қатысқан қазақ жігіті ұсталды
САРАТОВ. 27 сәуір. Ресейдің Саратов қаласында «Вагнер» жеке әскери компаниясы сапында Украинада соғысып, жаппай кісі өлтіруге қатысқан қазақ жігіті қамауға алынды. Бұл туралы ресейлік пабликтер мәліметтеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Саратовта ішкі істер министрлігі қызметкерлері бұған дейін өзінің «Вагнер» жеке әскери компаниясында жалдамалы содыр болып, Украинадағы соғыс барысында көптеген кісі өлтіру қылмыстарына қатысқанын мәлімдеген Азамат Ұлдаров ұсталып, тергеу комитетіне жеткізілді. Ұлдаров өзінің қамауға алынғанын өзі алдында осы әңгімелерді айтып берген «Гулагу нет» жобасына өзі хабарлаған», – делінген хабарламада.
Ұлдаров сонымен қатар Саратовтың Ленин аудандық тергеу комитеті ғимаратына кіреберісінде өзіне, түрлеріне қарағанда, «Вагнерге» қатыстары бар бірнеше адамның шабуыл жасағанын жасағанын да айтып берген. Олар мұны бетінен ұрып, ЧВК «Вагнерді» құрушы Евгений Пригожинді әшкерелейтін фактілер айтар болса, өзін өлтіретіндерін баяндаған.
Бірақ Ұлдаровтың ұсталғаны жайлы ресми хабарлама болған жоқ. Ол «Гулагу нет» жобасының негізін қалаушы Владимир Осечкинге тергеушілердің мұның өзіне белгілі соғыс қылмыстары жайлы білгілері келгендерін айтқан. Ұлдаров тергеу комитетінен қоңырау шалғаннан кейін Владимир Осечкин бірден тікелей эфир хабарын жүргізген.
Сәуір айының ортасында «Гулагу нет» жобасында өзін «Вагнер» жеке әскери компания сапында Украинадағы соғысқа қатысқан және кейін президент Владимир Путиннің жарлығымен рақымшылық алған бұрынғы «зек» ретінде таныстырған, майданда көптеген қылмыстардың куәсі болғанын баяндаған кісінің видео жүзіндегі сұхбатын жариялады.
«Гулагу нет» Азамат Ұлдаров пен Алексей Савичевті «Вагнер» бөлімшелерінің бұрынғы командирлері деп атады.
«Бізге жолдағының бәрін кез келген жолмен жойып жіберіп, қорғаныс ұстауға бұйрық берілді. Біз сосын ілгері қарай жылжып, бәрін қатарынан өлтіре бердік. Олардың арасында әйелдер де, еркектер де, атайлар да, зейнеткерлер де, кемпірлер де, балалар да болды. Сен менің мына қолымда не тұрғанын білесің бе? Кішкентай бала шырылдап тұрды, түсінесің бе? Оның ждасы бес, алтыда еді. Мен оның бақылау кезегімен соңынан басынан аттым. Мен ешкімді тірі жіберуге тиісті болмадым. Жолды толық тазаалауға, жолла тұрғанның бәрін түгел жоюға бұйрық берілді», – деді қанышер Ұлдаров сұхбат барысында.
Мұның соңын ала Евгений Пригожин бейбіт тұрғындарды жаппай өлтірудің ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ол Осечкин түрмеле әйел зорлағаны үшін отырған Ұлдаровты пайдалану арқылы өзін бопсалап жүр деген уәж келтірді.
Суретте: Евгений Пригожин