Украина қару жеткіліксіздігінен шабуылды кейінге қалдырды
КИЕВ. 22 сәуір. Украина қару-жарақтың жеткіліксіздігіне байланысты қарсы шабуылға шығуды белгісіз мерзімге дейін кейінге қалдыратын болып шешті. Бұл туралы шетел ресурстарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Украина Жоғарғы радасының депутаты Олександра Устиноваға сілтеме жасаған Foreign Policy РФ басқыншыларын елден қуып шығуды көздейтін қарсы шабуылдың қару-жарақ қатары толыққанша тоқтай тұратынын жазды.
Депутаттың айтуынша, Киев операцияны сәуірден қалдырмай бастап кетпекші еді, бірақ АҚШ Украина Қарулы күштерінің Пентагоннан сұрағандарынан әлдеқайда аз қару-жарақ берген болып шықты. Әскери көмек «ұсақ-түйек» болып беріліп келеді, ал президент Байденнің әкімшілігі өзінің міндеттемесін орындап бітуге жақындап қалды.
Устинова қазір Украин әуе шабуылынан қорғаныс құралдарының күші бірнеше қаланы ғана жауып тұра алатынын айтты. Оларды АҚШ 1990 жылдары пайдалануды қойған орта қашықтықтағы «Hawk» ракета кешені ғана құрайды. Бұлар тағы Украинаға радарсыз келді.
Ел немістің қазіргі заманғы Leopard 2 танкілерін алды, алайда Киев олардың саны әлі жеткіліксіз екенін айтып отыр. Ал АҚШ-тың Abrams танкілері енді бірнеше айдан кейін келеді.
Бұған дейін Пентагон құжаттарында қарсы шабуыл уақыты 30 сәуірге белгіленгені туралы атап көрсетілгені әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.