РФ дума депутаты Бородай соғыстың аяқталар уақыты жақын екенін айтты
МӘСКЕУ. 19 сәуір. Ресей мемлекеттік думасының депутаты Александр Бородай енді әрі кетсе, Украинадағы соғыстың аяқталатынын мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік ресурстар мәліметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
РФ мемлекттік думасының депутаты Александр Бородай кеше Украина Қарулы күштері жаппай қауырт шабуылға шыққаннан кейін-ақ Ресей армиясының божырай бастайтынын, оның қарсылық көрсетуге дәрменсіз екенін, сондықтын Кремльдің көп ұзамай украин тарапынан сауға сұрап, бітімге келуге шақыратынын баяндады.
Депутат Украина әскерлерінің бұл шабуылда зор табыстарға жететініне титтей де күмәнданбайды.
Өзінің бұл болжамдарын Бородай «Комсомольская правда» газетінің тілшісіне сұрақтарына қайтарған жауабында айтты. Ол соғыстың Украина әскери бөлімшелері қарсы жойқын жорықты бастап кеткесін 2 ай көлемінде аяқталатынын мәлімдеді. Сұхбаттың видеосы «Украина 365» телеграм-каналында жарияланды.
Бір айта кетерлігі, депутат РФ Қарулы күштері тарапынан ұрыс қимылдарын жалғастыру болатыны жайын мүлде қарастырмайды, ол ресейлік әскерилер бірден соғыспай беріле бастайды деген байлам келтіреді. Содан кейін Мәскеу Киевтің қойған кез келген талабына келісе береді.
«Иә, «арнайы соғыс операциясы» дегеннің аяқталуына көп қалған жоқ, ол жақын айлардың ғана оқиғасы болып қалады, бәлки, 1,5-2 ай бәрін айқындап беретін шығар», – деді Бородай.
Осы тұста Батыс елдерінің әскери командованиелері Украина жаппай қарсы соғысқа шыққан кезде Путиннің тағы да ядролық бопсаға жүгінетінін болжап отыр. Бірақ одан қорқа қояйын деп отырған АҚШ та, Ұлыбритания да, НАТО да жоқ. Олардың қарсы шабуыл күштері қазір Ресейдің маңайында жүр.