Қазақстанда Украинадағы соғыс фактісімен 10 қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. 17 сәуір. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа қатысуларына байланысты 10 қылмыстық істі зерттеп жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматтарының Украина территориясындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша он қылмыстық іс қозғады», – деп растады ҚазТАГ редакциясының сұрақтарына жауап бере келіп, ұлттық қауіпсіздік қызметіндегілер.
Қылмыстық іске тартылған тұлғалардың аты-жөндері мен олардың қазіргі сәтте қайда екені жөнінде әзірге бізде мәлімет жоқ.
Сотқа дейінгі аталмыш тергеу әрекеттері Қылмыстық-процессуалды кодекстің 201-бабына сәйкес жүріп жатыр. Ол жария етуге жатпайды.
Қазақстан Қылмыстық істер кодексінің 172-бабына сәйкес, шетелдердегі қарулы қақтығыстарға қатысу 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Бұдан бұрын Қазақстан азаматтарының «Вагнер» компаниясы құрамында Ресей жағында соғысып жүргені жайлы хабарланған еді. Сол сияқты Украина тарапында соғысып жүрген қазақтардың да бар екені айтылып жүр.
2022 жылдың тамыз айының басында Пермьде өзбек диаспорасы Ресей жағында Украинадағы соғысқа қатысу үшін ерікті батальон жасақтауды ұсынған болатын. Бұған Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, бұл үшін Өзбекстан заңы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатындарын ескертті.
Қыркүйек айында Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі өз азаматтарына Украинадағы соғысқа қатысудың 10 жыл түрмеде отыру жазасын әкелетінен еске салды.