Әлем чемпионаты алдында үш хоккейші Қазақстан азаматтығынан шықты
АСТАНА. 17 сәуір. 2023 жылғы әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер қалған шақта үш хоккейші Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Бұл туралы Шайба.kz сайты дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ашық деректер көзінде өздерінің ресейлік азаматтықтарынан айрылғылары келмеген Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюков атты үш хоккейші бір жақты Қазақстан азаматтығын алғылары келмеген.
Бұдан бұрын Петуховтың «Барыс» командасынан кетіп қалғаны хабарланған болатын. Маклюков соңғы екі маусымда Магнитогорскінің «Металлург» командасында ойнады. Ал соның алдында төрт жыл маусым «Барыс» сапында өнер көрсеткен еді. Сагадеев өз кезегінде «Сочиде» мансабын жалғастырып жатыр.
Осының қарсаңында ресейлік маман Андрей Скабелка құраманың бас жаттықтырушысы қызметінен босатылып, оның орнына Ғалым Мәмбетәлиев тағайындалды.
Биылғы әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында екі елде – Рига (Латвия) мен Тампере (Финляндия) өткізіледі. Қазақстан құрамасы латыш астанасында ойнайды. Оның топтық кезеңдегі қарсыластары Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Норвегия және Швейцария болғалы тұр.