НАТО Украинаға көмек беруді екі есе күшейту үшін жарнапұлды өсіреді
БРЮССЕЛЬ. 4 сәуір. НАТО Украинаны қаржылай қолдауды екі есе көбейту үшін альянс мүшелері елдері төлейтін жарнапұлды күрт арттырады. Бұл туралы шетел ресурстары ақпарат көздеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Солтүстік альянс елдері мүшелерінің сыртқы істер министрлері 4-5 сәуір күндері осы мәселені талқылайды. Жиында Украинаға қаржылай көмек көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасы қайта қарап, өткен жылғы 250 млн еуроны 500 миллионға дейін жеткізу ұсынылды.
Financial Times газетінің жазуынша, мәселені ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг көтерген.
Bloomberg-тің мәліметінше, бұл альянстың қазір Украинаны өз қатарына қабылдай алмайтынының өтемақысы секілді болуға тиіс. Бірақ министрлердің бәрі идеяны қолдай қояды деп кесіп айту қиын.
Бүгін Финляндия ресми түрде НАТО-ның 31-ші елі атанды. РФ президенті Владимир Путиннің сөзіне қарағанда, Ресей альянсты өзінің территориясына жақындата бермеу үшін Украинаға қарсы соғыс ашқан. Бірақ мұның ақыры НАТО-ға мүше болғысы келетін елдердің қатарын күрт арттырып жіберді. Бұған дейін көп жылдар бойы бейтараптық позиция ұстап келген Швеция мен Финляндия кенеттен бұл әскери блокты керек ететін болды. Ал Суоми елі мүше болғаннан кейін Ресейдің НАТО-мен шекарасы 1300 шақырымға жетті. Ендігі кезекте Швеция тұр. Оның кандидатурасын бұл жолы Түркия мен Венгрия қолдамады.
Бірақ ең күрделі мәселе Украинаның мүшелігіне қатысты болатын шығар. Министрлер кездесуде бұл мәселені де қарайды. Альянстың мұны қалай шешетіні шілдеде өтетін альянста аңғарылып қалады.