Финляндия бүгін ресми түрде НАТО-ға қабылданып жатыр
БРЮССЕЛЬ. 4 сәуір. Финляндия бүгін, сейсенбі күні Брюссельде өзінің НАТО-ға ресми қабылдану үдерісін аяқтаудың шараларын жасады. Бұл туралы «Неміс толқыны» радиосының ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейдің 2022 жылдың 24 ақпаны күні Украинаға тұтқиылдан басқыншылық соғыс ашуына байланысты өзінің қауіпсіздігін қамдастырған Суоми билігі Солтүстік Атлантика одағына кіруге ықылас танытты.
Онымен бірге көршісі Швеция да сондай тілек білдіріп еді, бірақ оның қабылдануына НАТО мүшелерінің бірі – Түркия қарсылық көрсетті. Сонымен бұл мәселе белгісіз уақытқа дейін бұл мәселе кейінгі ығысып қалды.
НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде 31-ші мүшесінің жалауы көтерілді. Оған Финляндия президенті Саули Ниинистё мен үкімет министрлері қатысты.
Солтүстік альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Финляндияның қатарға алынуы шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болды.
Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға соғыс ашуының бір себебі бұл елді НАТО құрамына кіріп кетеді, сөйтіп, «дұшпан одақтың» шекарасы РФ-ға жақындап қалады деп қауіптенуі болып еді. Алайда оның ессіз соғысының салдарынан НАТО енді оның елінің дәл іргесіне келіп орнығып жатыр.