ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
АҚШ-та көп әйел алуға рұқсат етілетін түрі бар
СОЛТ-ЛЕЙК-СИТИ. 20 ақпан. Американың Юта штатында көп әйелділік дәстүріне рұқсат етілетін заң қабылданатын мерзім жақындап қалған сияқты. Бұл туралы Ресейдің «Известия» газеті хабарлады.
АҚШ-тағы ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, штаттың заң шығарушы сенаты осыған қатысты заң жобасын алдын ала талқылауда қолдаған көрінеді. Түпкілікті қабылдау енді болады.
Көп әйел алу жөніндегі осы заң қабылданып кеткен жағдайда, штатта бұл екі жақты келісіммен, яғни ер кісінің жұбайының келісімімен жүзеге асырылатын болады. Бұл ереже бұзылған жағдайда ер адам қылмыстық жауапқа тартылады.