Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Өзбекстанда «Бірқұдайлықтар батальоны» күйретілді

ТАШКЕНТ. 20 ақпан. Өзбек құқық қорғау органдарының қызметкерлері елдегі «Катиба Таухид валь-Джихад» («Бірқұдайлықтар мен джихад батальоны») ұйымының ұяшығына күйрете соққы берді. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Республика байтағы – Ташкентте өткен операция кезінде 21 адам ұсталды.

Полицияның мәліметі бойынша, ұсталғандар халықаралық лаңкестік ұйым содырларына көмек беріп келген екен. Олармен сонымен қатар шетелге кетіп, терактілер жасау мақсатында жауынгерлік дайындықтан өткен длеген де айып тағылып отыр.
Ұяшықтың лидері лаңкестер жағында соғысу үшін Сирияға кетіп қалған Ташкент тумасы көрінеді. Оның аты мен басқа ұйым мүшелерінің аты-жөндері аталған жоқ.

Ресей зерттеушілері «Катиба Таухид валь-Джихад» ұйымы мүшедерінің 2017 жылдың сәуір айында Санкт-Петербургте жасалған жарылыстың ұйымсдастырушылары болды дегенді айтады. Соның салдарынан 16 адам қаза тауып, 70 адам жарақат алған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button