АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Шығыстың әкімі сауда орны өзінікі емес екенін айтты

ӨСКЕМЕН. 20 ақпан. Кеше өткен есепті жиналысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскеменде салынған «ADK-river» сауда-ойын сауық орталығына өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін айтып ақталды. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Көпшілікті сауда орнының облыс әкімінің аты-жөндерінің қысқарған әріптерімен тура келетіні күмәндандырған екен.

«Бұдан бес жыл бұрын маған «Қалада «ADK» деген магазин бар», – деді аймақ басшысы өзіне залдан қойылған сұраққа орай. – Біз сосын сонда әйеліміз екеуміз барып, азық-түлік алып қайттық. Сонда жүргенімде қалай бұл соншалықты дәлме-дәл келеді екен де ойладым. Дүкен кезінде сыртта болды, ол кезде маған ешкім ештеңе деген жоқ, енді орталықтан келіп орын алған соң жұрт мені еске түсіріпті. Шын мәнінде, «ADK» бөлшектеп қарағанда, «Алматинский домостроительный комбинат» дегенді білдіреді. Оны салған бизнесмен маған келіп кеткен. Мен бұл дәл келушілікке онымен бірге күліп алдым да, тіршілігіне сәттілік тіледім».

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button