Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ басты қарсыласын күйретуді шегіне жеткізбекші

ВАШИНГТОН. 20 ақпан. Американың қаржы БАҚ-тарына Дональд Трамп әкімшілігінен түсіп жатқан ақпаратқа қарағанда, Ақ үй Қытай экономикасына, өздері коронавирус індетінен бас көтере алмай жатқан шақта барынша сұрапыл соққы беруге дайындалып жатқан сияқты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Құрама Штаттар жағы бұл жолы соққы беретін негізгі сезімтал нүкте ретінде ҚХР-дың цифрлы экономикасының флагманы әрі жоғары технологиялы өнеркәсіптегі мақтанышы – Huawei компаниясын таңдап алынған көрінеді. Алайда, мұхиттың арғы жағынан келіп жатқан дерек шындыққа айналар болса, оның зардабын тек Қытай өндіріс орындарын ғана емес, сонымен бірге олардың халықаралық әріптестері де тартатын болады. Бұлардың қатарында АҚШ-тың өзінің, Еуропа одағы мен Азия елдерінің компаниялары бар. Дегенмен, Қытай экономикасын, әсіресе, оның жоғары технологиялы сегментін жермен-жексен етіп құрту үшін Вашингтон өзі үшін зияны да тиетін мұндай тәуекел мен құрбандықтарға кідірместен бара беруі әбден мүмкін.

Осы ретте Ақ үйдің сахна сыртындағы іс-әрекеттерінен мағлұматы мол «The Wall Street Journal» басылымы былай деп хабарлайды: «Трамп әкімшілігі Қытайға қатысты жаңа сауда санкцияларын қарастырып жатыр. Бұл шаралар микросхемаларды жасап шығару үшін Америка жабдықтарын пайдалануды шектеуге бағытталады, жоспармен таныс мәнбенің сөзіне қарағанда, Вашингтон осылайша полупроводник саласындағы шешуші технологияларға Қытайдың қолжетімділігін кесіп тастағысы келеді…».

Осыған байланысты АҚШ сауда министрлігі қазір әскери мақсаттар немесе күштік құрылымдар өнімі үшін өндірісті өркендету үшін шетелдік компаниялардың америкалық технологияларды пайдалануы деп аталатын ережеге өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатқанға ұқсайды.

Мұның бәрінің дипломатиялық және экономикалық планда аса ауыр зардаптары болатынын атап өтуіміз керек. Бұл шаралардың ақыры Қытай компаниясына кемінде орасан зор шығындар әкеледі, ал қиын болған жағдайда біржола тұралатып, банкротқа ұшыратады. Оның Құрама Штаттардың Еуропа мен Азиядағы қарым-қатынасына әсер етеді. Әлбетте, Америка технологиясын пайдаланушы Huawei жеткізушілері санкцияны айналып өтіп, өз тауарларын қолданбалы фирмалар арқылы сатуға тырысулары мүмкін. Бірақ АҚШ билігі бұл жағдайды ешбір назардан қалт жібермей ұстай отырып, тәртіп бұзушыларды барынша қатаң түрде жазалап отыратын болады.

Бір нәрсе анық: Америка БАҚ-тары жазып жатқандай, Вашингтон бұл жерде Huawei компаниясын, сол арқылы Қытайдың басқа да өндіріс орындарын Бейжіңнің әлдеқандай бір нақтылы немесе болжамды қылмыстары үшін қуғынға түсіргелі отырған жоқ, мұның астарында геосаясатты қамтитын тұжырымдар жатуы әбден ықтимал.

«Huawei-мен күрес – бұл АҚШ пен Қытай арасындағы кең ауқымды соғыстың бір бөлігі ғана, себебі, Вашингтон Бейжіңнің ықпалы мен қуатын тоқтатуға, сондай-ақ көлемі жағынан әлемдегі екінші экономиканың Бейжіңге экономикалық және әскери басымдық алып беретін алдыңғы қатарлы салаларда алға түсіп кетпеуін қамтамасыз етуге тырысады», – деп ашығын айтады «The New York Times» газеті.

Дегенде, Трамп әкімшілігі енді микросхемалармен және нақтылы Huawei компаниясымен шектеліп қалғысы келіп отырған жоқ, ол бұл саладағы әрекетін мейлінше кеңейте түспекші. «Құрама Штаттар Қытайдың Америка технологияларына қолжетімділігін қысқартуды бұдан да қаттырақ күшейтіп, микрочиптерді (жүйелерді), жасанды интеллектіні, робот техникасын және алдыңғы қатарлы бағдарламалық қамтамасыз етудің кейбір түрлерін сатуды шектеудің, сондай-ақ елдегі технологиялық фирмаларға Қытай компанияларымен әріптес болуға немесе олармен жай зерттеулерінің өзін бөлісуге тыйым салудың мүмкіндігін қарастырады», – деп атап өтеді басылым.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button