Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Еуропа одағы Беларусьті іріктеу турниріне қатыстырмауды талап етті

СТРАСБУР. 16 наурыз. Еуропарламент УЕФА-ға Ресейдің соңынан Беларусьті де құрлық чемпионатының іріктеу турнирінен шығаруды талап еткен хат жолдады. Бұл туралы шетел ақпарат құралдарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Еуропа парламентінің депутаттары УЕФА президенті Александер Чеферинге Беларуське қарсы санкцияны қатайтуға шақырған хат жазды.

Осыған орай футболдан Беларусь құрамасының Ресей ұлттық командасының ізімен «Еуро-2024» чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін іріктеу сайыстарынан шығып қалу қаупі төнді.

Politico-ның жазуынша, заң шығарушылар аталған турнирге Беларусь құрамасының қатысуы халықаралық қауымдастықтың Александр Лукашенко режимін қолдағанын білдіреді деп есептейді.

Атап өтейік, қазіргі таңға Беларусь құрамасы Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турниріне жіберіліп тұр. Команда жеребе бойынша Швейцария, Израиль, Румыния, Косово және Андорра командаларымен бірге I топқа түскен.

Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің күнтізбесіне сай, Беларусь құрамасы алдағы 25 наурыз күні Швейцария командасын қабылдауға тиіс болатын. Бірақ матч Беларусьте емес, Сербияның астанасы – Белградта өтетін болып белгіленген. Швейцария футбол федерациясы осының өзіне келіспейтінін білдіріп, дау шығарып жатыр.

Бұдан бөлек, белорус клубтарының құрлық турнирлеріне қатысуларына тыйым салынған. Олай болса, құрамаға рұқсат бергенде қандай қисын бар?

Бұған дейін Украинадағы басқыншылық соғысы салдарынан Ресейдің барлық клубтарына УЕФА аясында өтетін барлық жарыстарға қатысуға тыйым салынған болатын. Онда тыйымның құрамаға да қатысы бар.

Біздің анықтама:

Александер Чеферин (словенше – Aleksander Čeferin) – словениялық заңгер және спорт функционері, 1967 жылы 13 қазанда Любляна қаласында (Югославия, қазір Словенияның астанасы) туған. 2016 жылы 14 қыркүйекте УЕФА-ның президенті болып сайланған. Ол – бұл ұйымның реттік саны бойынша жетінші басшысы.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button