Қандай тағамдар адамның қартаюын баяулатады?
ЕРЕВАН. 19 ақпан. Әлемнің бір топ ғалымдары осы тақырыпты талдай келіп, кәрілікпен күресте Жерорта теңізі аумағы жұрттарының диетасы барынша тиімді болатыны жөнінде тұжырым жасапты. Бұл туралы «NEWS.am» хабарлады.
Ғалымдардың айтуларына қарағанда, жерортатеңізілік диета стилінде тамақтану ішектердегі пайдалы бактериялардың көлемін арттырып, ауру шақыратын зиянды микроорганизмнің санын қысқартады екен.
Мамандар өздерінің жаңа зерттеулері барысында 65-79 жас аралығындағы 612 еріктінің ішек-қарындары жағдайын тексеріп көріп, оларды 12 ай мөлшерінде әдеттегідей және жерортатеңізілік диета бойынша баққан. Бұлардың соңғы тобына кіргендерге жемістердің, көкөністің, жаңғақтардың, бұршақ тұқымдастардың, зәйтүн майының және балықтың үлес-салмағы көп, қызыл еті мен майы аз тағамдар беріп тұрған.
Кейін анықталғанындай, әдеттегідей диетаға отырығылғандар пайдаланған пайдалы тамақ ішектер микробиомында оң өзгерістердің орын алуына әсер еткенімен, бактериалды алуан түрліліктің жоғалуына апарып соқтырған. Ал жерортатеңізілік диета ұстағандарда сүйектердің беріктігіне ықпал жасайтын және жүру мен қол қимылының жеңілдігін жақсартуға қатысы бар бактериялардың саны артқан. Бұдан бөлек, мұндай адамдарда когнитивті функциялардың күшейгені, соның ішінде жадта сақтау қабілетінің ұлғайғаны және ауруға алып баратын заттар жиналуының азайғаны байқалған. Қорытындысында осы соңғы топтағылардың тез қартая қоймайтыны анықталған.