Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Мәскеуде «Спас» телеарнасы ғимаратының бірінші қабатын өрт шалды

МӘСКЕУ. 11 наурыз. Бүгін Мәскеудегі Академик Королев көшесінде орналасқан «Спас» телеарнасының ғимараты отқа оранды. Бұл туралы ресейлік ресурстар дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

ТАСС төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі негізінде өрттің күрделілігі жағынан екінші шенге жататынын атады.

Өрттің тұтану мәнбесі ғимараттың бірінші қабатында болған. Ал оның неден басталғаны әзір айтылып отырған жоқ.

Оқыс оқиғаға байланысты тоғызыншы қабаттағы телеарна қызметкерлері түгел сыртқа шығарылған.

«Спас» ақпарат агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен ешкім болмаған.

«Царьград» телеарнасы атап өткендей, бұл ғимаратта «Спас», «Ресей телевизия және радио хабарларын тарату жүйесі» секілді бірнеше басқа да ұйымдар орналасқан.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button