Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Щи Дзиңпиң үшінші мәрте ҚХР төрағасы болып сайланды

БЕЙЖІҢ. 10 наурыз. Жұма күні Щи Дзиңпиң ҚХР төрағасы және ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы болып бір ауыздан сайланды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Бүгін таңертең Бейжіңде Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы мен Қытай Халықтық саяси ақылдастық кеңесінің сессиясы басталды.

«Жұма күні өтіп жатқан Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы 14-шақырылымының 1-сессиясында Щи Дзиңпиң бір ауыздан ҚХР төрағасы және ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы болып сайланды», – делінген агенттік хабарламасында.

ҚХР төрағасы және ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы болып сайланған Щи Дзиңпиң Бейжіңдегі халық жиындары үйінде ҚХР конституциясына адалдығы жөнінде ант берді.

Сонымен бірге Хань Чжэн ҚХР төрағасының орынбасары болып сайланды.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button