25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Беларусь президенті мемлекет сатқындарына өлім жазасын енгізді

10 Наурыз 2023 12:08
- Жаңалықтар, Құқық
Беларусь президенті мемлекет сатқындарына өлім жазасын енгізді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИНСК. 10 наурыз. Беларусь президенті Александр Лукашенко кеше мемлекетті сатқандар үшін өлім жазасын белгілеу жайлы заңға қол қойды. Бұл туралы белорус бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенген rast.kz хабарлады.

«Беларусьте мемлекетті сатқандар үшін өлім жазасы енгізілді. Заңға республика президенті Александр Лукашенко қол қойды», – деп атап көрсетті «Пул Первого» телеграм-каналы.

БелТА-ның хабарлауынша, мемлекет басшысы 9 наурызда «Қылмыстық жауапкершілік мәселелері бойынша кодекстерді өзгерту туралы» заңға қол қойған.

Құжаттың негізгі мақсаты экстремистік (террорлық) және антимемлекеттік бағыттағы қылмыстарға қарсы әрекеттерді күшейту болып саналады.

Заң мемлекеттік қызмет атқаратын барлық лауазымды тұлғалардың мемлекетке сатқындық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуын қарастырады. Сонымен бірге, лауазымды тұлғалардың немесе әскери қызметкерлердің мемлекетке сатқындық жасағандары үшін айрықша айып шарасы – өлім жазасын қолданылу мүмкіндігін енгізді.

Бұлармен қатар, бастама сондай-ақ терроризмді насихаттағандар, әскери қызметкерлер мен әскери ұйымдарды кемсітушілер, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды бұзушылар үшін қылмыстық жауапкершілік шеңберінде өлім жазасын белгілейді.

Беларусьтің әділет жүйесінде өлім жазасы КСРО кезінен бері сақталып келеді. Ол – Еуропада қазір айрықша жаза шарасын қолданып отырған жалғыз мемлекет. Жаза 1996 жылы өткен референдумда азаматтардың 80 пайыздан астамының қолдауымен сақталынып қалды.

«Егер біз қазір бұл мәселені көтерсек… Көпшіліктің басым бөлігі өлім жазасы [сақтап қалу] үшін дауыс береді деп ойлаймын», – деді Лукашенко 2021 жылы («БелТА» дәйектемесі). Ол бұған өлім жазасын тек референдум өткізгеннен кейін ғана алып тастауға болатынын қосты.

«Беларусь тәуелсіздік жариялағалы бері 400-ден аса өлім жазасын жүзеге асырды», – деп жазды «Би-би-си» радиосы 2020 жылы мамырда. Олардың бірқатары Кеңес Одағы кезінен «мұра» болып қалғандар екен.

Лукашенко өзі 2015 жылы айтқанындай, 26 жылдық билігі кезінде тек бір рет қана, 1990-шы жылдардың соңында өлім жазасына рақымшылық жасады.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Таңбалар: БеларусьЛукашенкамемлекеттік сатқындықөлім жазасы

Ұқсас мақалалар

Лукашенка Путинмен кездескеннен кейін неге бірден Қытайға ұшып кетті?
Жаңалықтар

Лукашенка Путинмен кездескеннен кейін неге бірден Қытайға ұшып кетті?

01.07.2026
Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты
Жаңалықтар

Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты

25.06.2026
Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр
Жаңалықтар

Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр

24.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist