Түркия Ресейге кенеттен сұмдық қатты экономикалық соққы берді
АНКАРА. 9 наурыз. Түркия үкіметі Ресей Федерациясына күтпеген жерден сұмдық қуатты экономикалық соққы жасады. Бұл туралы шетел бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Кенеттен құйындай құбылып соққан соққыдан Ресей нарығы қазір қатты дағдарысқа түсіп, самсоз хәлге ұшырап жатыр.
Түркия АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Анадолы жеріне келіп кеткен ресми сапарынан кейін санкцияға іліккен жүктердің транзитін кілт тоқтатты – енді ресейлік бизнесмендер тауар жеткізетін жаңа арналарды қауырт жағдайда жанталаса іздеуге көшті.
«Түркия РФ территориясына баратын санкциялық жүктердің бәрін толық тоқтатып, Ресейге қаусырата соққы берді. Елдің кеден жүйесі транзиттік жүктерді рәсімдеуді бұғаттап тастады», – деп жазды Ресейдің «Коммерсантъ» газеті.
Түркиядағы әрекет оқиғаның кенеттен бұлайша айналым алып кетуін күтпеген Ресей нарығын теңселтіп жіберді.
Енді ресейліктер тауарларды елге жеткізудің жаңа жолдарын жылдам іздеп табуға әрекет жасауда.
«Мұндай қадам нарық үшін күтпеген нәрсе болды» деді орк кәсіпкерлері. Олар тығырықтан шығудың альтернативті амалдарын шұғыл қарастыруға кірісіп кетті. Айтуларынша, Ресейге параллель импорт түрінде келетін тап осы санкциялық тауарлар бұғатқа түсіп қалған», – делінген басылым материалында.
Financial Times бұл суыт оқиғаның Түркияға Құрама Штаттар мемлекеттік хатшысы келіп кеткеннен кейін артынша орын алғанына назар аударды. Вашингтон соңғы күндері санкция жолдарын айналып өтіп, Ресейге кетіп жатқан тауарлардың жолдарын кесіп, жауып тастау мәселесімен шындап айналыса бастады. Осы мақсатта Энтони Блинкен мұның алдында Қазақстанда, Өзбекстанда және Үндістанда жұмыс сапарымен болды. Бұдан кейінгі кезек Ресейге санкциялық электроника мен тұрмыстық заттарды жеткізіп беруге көмектесіп келген Біріккен Араб Әмірлігі болғалы тұр.
Өзінің меншікті өнеркәсібінің тас-талқанын шығарып құртып алған «егемен» Ресей электрониканы да, қазіргі заманғы автомобильдерді де, заманауи өнеркәсіп жабдықтарының үлкен номенклатуралық бөлігін де шығара алмайды. Мәскеу сырттан келетін заттар арналарын ашу үшін бүкіл әлемнен ыңғайлы жер іздеп міңгірлеп жүр.
Бұдан бұрын Париж Анкараны РФ-ның транзиттік жүктері жолдарын бұғаттап тастауға шақырған еді.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.