АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Украина Сібірге дейін жете алатын өз дрондарын шығаруға кірісті

КИЕВ. 9 наурыз. Украина ұшқышсыз ұшақ шығаратын өндірісін іске қосты, ол Ресейдің Сібір аймағына дейін ұшып бара алады. Бұл туралы украин таблоидтарының дерегіне құлақ түрген rast.kz хабарлайды.

Айтылып отырған дронның автономдық ұшуының базалық қашықтығы 1 мың шақырым болғанымен, оны жаңғырту негізінде өрісі көкжиегін үш еседен де астам алысқа жеткізуге болады. Мұндай жағдайда БПЛА Сібір аумағына дейін еркін ұшып барады.

«Украинада Ресейдің еуропалық бөлігінің кез келген нүктесіне еш қиындықсыз ұшып бара алатын беспилотниктер сериясын шығару өндірісі қолға алынды. Атап айтқанда, бұл БПЛА Мәскеуге дейін екі рет ұшып барып, қайта алады немесе Сібірге дейінгі қашықтықты еркін игереді», – делінген хабарламада.

Ұшқышсыз ұшақтарды AeroDrone компаниясы шығарады. Жобаның әріптесі Дмитро Шимкив dev.ua сайтына берген сұхбатында баяндағандай, дронның автономдық ұшуының базалық қашықтығы 1 мың шақырым, алайда оны жаңғыртып, 350 литрлік бак орнату арқылы 3,1 мың шақырым жерге жеткізуге болады.

Оның айтуынша, дронға ұшу мақсатына қарай әртүрлі пайдалы жүктеме артуға мүмкіндік бар. Егер БПЛА-ға шамасы жететіндей бак орнатса, Харьковтен ұшырып, Мурманскіге немесе Новосібірдің шетіне дейін самғайды.

Компания Украина қорғаныс министрлігімен келісім жасасып қойды. Оған сәйкес, аталмыш дрондардың алғашқы партиясы украин армиясына беріледі. Әңгіме AeroDrone – D-80 Discovery және E-300 Enterprise модельдері жайлы болып отыр. Бірінші беспилотниктің пайдалы жүктемесі 80 кило болады, ал екіншісі 300 килоға дейін жүк көтеруі мүмкін.

Еске сала кетейік, өткен жылғы желтоқсанда Украинада отандық екпінді дронның финалдық сынақтан өтетіні, оның қорытындысы бойынша Украина Қарулы күштеріне берілетіні баяндалған болатын.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button