25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

9 Наурыз 2023 19:26
- Жаңалықтар, Құқық
Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 9 наурыз. Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасына байланысты жүргізілген сот шешімімен 12 жылға түрмеде отыру жазасын алды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы үкімімен Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы 19 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылып, оның орнына Руслан Жақсылықов тағайындалған еді.

Ал 2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы (әрекетсіздік фактісі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Келесі күні, яғни 20 ақпанда бұрынғы министр «қылмыс жасады» деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған төтенше жағдай кезінде конституциялық тәртіпті орнатуға қатысты тиісті шаралар қабылдамаған, оған ұрыс жағдайында билікті асыра пайдаланған деген айып тағылған. Анықтап айтқанда, қаңтар оқиғасы күндерінде қарақшыларға қатысты берілген «ескертусіз оқ ату» жөніндегі бұйрықты наразылық білдіруші бейбіт шерушілерге қарсы қолданған.

Биылғы 5 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Бас прокурор Берік Асылов аталмыш оқиғаның даму барысында Мұрат Бектановтың қарамағындағыларға айдан анық заңсыз бұйрықтар беріп, стратегиялық маңызы бар әскери нысандарды қараусыз тастап кеткенін мәлімдеген болатын.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Таңбалар: жазақаңтар оқиғасыМұрат Бектановсот

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды
Жаңалықтар

Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды

18.08.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist