Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Оккупанттар атып тастаған Батыр тұтқынның кім екені анықталды (видео)

КИЕВ. 7 наурыз. Украина Қарулы күштері оккупанттар атып тастаған тұтқындағы Батыр солдаттың кім екенін атады. Бұл туралы шетел ақпарат құралдарының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазір кешеден бері әлеуметтік желілер мен уацапта оккупанттардың өздеріне тұтқынға түсіп қалған украин солдатының «Украина жасасын!» деген сөзі атып тасталғаны көрсетілетін видео тарап жатыр. Қарусыз жауынгерді осылай жайдан-жай атып тастай салған орктар желідегі жұрттың қатты ашу-ызаларын туғызуда. Бұл соғыс қылмысы кейін Гаага сотының назарынан тыс қалмауы тиіс.

Бүгін, 7 наурыз күні «Новини війни» тelegram-каналы 8 ақпанда «Увага розшук» тобында Нина Нановская жазған жазба (посты) мен аталмыш видеоны салған. Кейінірек ондағыдай оқиғаның орын алғанын Украина Қарулы күштері бас штабының баспасөз қызметі растады.

Украина Қарулы күштері сондай-ақ басқыншылар қолынан қаза тапқан жауынгердің аты жөні Тимофей Миколаевич Шадура екенін де баяндады.

Жазбадан алдын ала белгілі болғаны – видеодағы украин солдаты Донецк облысындағы Железняное елді мекені ауданында Константин Острожный атындағы 30-шы жеке механикаландырылған бригада құрамында жаумен соғысып жүріпті. Бірақ 3 ақпаннан бері туған-туыстары мен әскери бөлімге мобильді байланысқа шықпай қалған. Сондықтан қаруластары оны «хабарсыз кетушілер» қатарына жатқызып қойыпты.

«Азаттық» радиосы» хабарлағандай, 41 жастағы Шадура Бахмут ауданындағы ұрыс қимылдарына қатысқан. Қазір оның денесі жау басып алған территорияда жатыр, сондықтан кім екенін түбегейлі анықтауға мүмкіндік жоқ.

Осы себептен УҚК бас штабындағылар Шадура жөніндегі бұл болжамның бәрі алдын ала мәліметтер екенін алға тартып, оны әлі де анықтай түсу керек екенін айтады.

Қаһарман жігіт 1982 жылғы 7 қаңтарда туған. Бірақ оның қайда өмірге келгені белгісіз. Жалпы, ол туралы әлгінде айтылғандардан басқа мәлімет кем.

Шадура видеодағы оккупанттар кенеттен автоматтың оғын сеуіп жіберіп атып тастайтын украин жауынгеріне қатты ұқсайды. Бұл, әсіресе, оның сол көзінен анық байқалады.

Бір күн бұрын «Суспильний» мен ВВС News-тің тілшісі София Кочмар-Тимошенко туыстары мен жақындары атылған Қаһарманның өз бауыры, ұлы, досы екенін танығандары жайлы пост жазып қалдырған еді. Олар оны тап көзіне қарап, даусынан ажыратып, темекіні ұстау мәнері арқылы ажыратқан.

Алайда, журналист тұтқында жүріп, жау қолынан қаза тапқан украин жауынгерінің аты-жөнін жариялауға әлі асықпай отыр.

Сол сияқты туыстары қазір өздері үшін ең маңызды нәрсе қайғылы оқиғаның болған жерін анықтау, сондай-ақ Батырдың денесін қайтарып әкелу екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, 7 наурыз күні Олександр Усик тұтқынға түсіп, атылып кеткен Украина батырына арнап өлең шығарды.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button