Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Мәскеу түбіндегі украин санкциясына ілінген «Москокс» зауыты өртенді

МӘСКЕУ. 6 наурыз. Мәскеудің түбіндегі Видное қаласында орналасқан, украин санкциясы тізіміне енген газды кокс зауытында кеше түнде күшті жарылыс орын алды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Ресейлік интернет-басылымдардың жазуларынша, түнгі сағат 22:00 шамасында зауыт цехтарының бірінде жарылыс болған, оның от жалыны шарпуы бензол құйылған насос колоннасы қоса қамтыған. Өрт 200 шаршы метр жерді алған. Түтіннің будағы 20 метрлік биікке дейін көтерілген.

Әлі анықталмаған мәліметтерге қарағанда, жарылыс алдында дронның зырылдап ұшып жүргені секілді дыбыс естілген. Ал жарылыстан кейін өндіріс орнының әр жерінде өрт басталған.

Жарылыстан зардап шеккендер жоқ десіп жатыр.

«Москокс» зауыты «Мечел» компаниясының құрамына кіреді.

Украина бұл кәсіпорынды 2023 жылғы 28 қаңтарда санциялық тізімге кіргізген болатын.

Еске сала кетейік, 4 наурыз күні Қырымдағы Ресей армиясының авиабазасы орналасқан ауданда да ұшқышсыз ұшақ шабуылынан өрт болған еді. Ресей пропагандистері оны украиннның «Стриж» беспилотнигі жасағанын жарыса баяндады.

 

Ескерту! Тағы да қатаң ескертеміз!

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button