26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина армиясы Бахмутты қорғауды жалғастыратын болды

6 Наурыз 2023 19:49
- Жаңалықтар, Жаһан
Украина армиясы Бахмутты қорғауды жалғастыратын болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 6 наурыз. Украина президенті алдында өткен әскери кеңестің нәтижесі Бахмутты қорғауды жалғастыруға ұйғарым шығарды. Бұл туралы украин ресустарына шолу жасаған rast.kz хабарлады.

«Украина армиясының Залужный мен Сырский тұрғысындағы командалық құрамы Зеленьскийдің Украина Қарулы күштері іс-қимылдарының бұдан арғы жоспарлары жөніндегі сұрағына жауап ретінде Бахмутты қорғауды жалғастыра беруді ұсынды», – делінген «Диалог.ua» хабарламасында.

«Стопкор» бүгін президент Зеленьскийдің Жоғары бас қолбасшы ставкасының жаңа отырысын өткізгенін хабарлады. Онда Украина армиясының командалық құрамы президентке майданның негізгі бағыттары, соның ішінде Бахмуттағы ахуал жайында баяндады.

Украина президентінің сайты отырыста талқыланған мәселелердің жай-жапсарын жариялады.

Айта кету керек, жиында Бахмут қорғанысы төңірегіндегі жағдай жеке талқыланды. Мұнда Украина армиясының Залужный мен Сырский тұрғысындағы командалық құрамы Зеленьскийдің Украина Қарулы күштері іс-қимылдарының бұдан арғы жоспарлары жөніндегі сұрағына жауап ретінде Бахмутты қорғауды жалғастыра берудің қажеттілігін алға тартты. Ұсыныс президент тарапынан мақұлданды.

Ставканың жүру барысында майдан шептеріне қару-жарақтар мен жабдықтар жеткізіп беру, сондай-ақ оларды әртүрлі учаскелерге бөлу мәселелері де қаралды.

Президент офисіндегілер ставка отырысына барлау басшысы, премьер-министр, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы, жоғары лауазымды күштік құрылымдар басшылары, сондай-ақ әртүрлі әскер тектері мен жедел бағыттардың қолбасшылары қатысқанын атап өтті.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин дүйсенбі күні Бахмуттың украин армиясы үшін тактикалық маңызынан гөрі символдық мәнінің жоғары екенін айтты. Ол қала қорғанысының құлауы Мәскеудің соғыс динамикасын арттырғанына, оның бағытын өзгерткеніне дәлел бола алмайды деді. Шенеуніктің ойынша, Бахмут соғыстың тағдырын шешпейді. Министр мұны бүгін Иорданияға сапары кезінде мәлімдеді.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Таңбалар: БахмутсоғысставкаУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist