Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

«Украина әскерлері РФ армиясын Қырымға қуып барады» – Пригожин

МӘСКЕУ. 5 наурыз. «Вагнердің» егесі Евгений Пригожин енді Украина Қарулы күштері Ресей армиясын Қырымға дейін тырқырата қуып апарғалы тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Пригожин Ресей билігіне арнап жазған видеоүндеуінде Украина Қарулы күштері оккупациялық армиясы бөлімшелерін Қырымға дейін қырып қуып жеткізетінін айтып, дабыл қақты. Ол майдандағы ахуалдың ресейліктер үшін өте ауыр болып тұрғанын жайып салды.

«Вагнер» жеке әскери компаниясының божысын ұстаған құрбашы егер «музыканттар» (яғни өздері) Бахмуттан шегінсе, Ресейдің майданда апатқа ұшырайтынын жеткізді. Бұл жағдайда Украина Қарулы күштері үш бағыттан өте жылдам қарсы шабуылға шығып, РФ-ның шекарасына дейін барады.

Пригожин мұнымен бірге Украина Қарулы күштерінің Ресей армиясын Қырымға жеткенше пырым-пырым етіп қиратып, жусатып салатынын ауызға алды.

Ол осыдан кейін Қырым құлап, Ресейдің көптеген проблеманың астында қалатынына назар аударды.

Сенбі, 4 наурыз күні Қырымның Гвардейское елді мекенінде күшті жарылыстар орын алды. Украинның «Стриж» дроны Ресей армиясының авиабазасына шабуыл жасады.

 

Ескерту! Тағы да ескертеміз!

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button