Пионтковский: «Соғыстағы шешуші оқиғалар 2-3 айдан кейін орын алады»
МӘСКЕУ. 5 наурыз. Ресей саясаттанушысы Андрей Пионтковский Украинадағы соғыстың алдағы екі-үш айдың ішінде бір жағына шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Диалог.ua» сайтының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ол осы соғыс нәтижесінің XXI ғасырдың күн тәртібін айқындап беретініне сенімді, оның және таяудағы екі-үш айдың ішінде өтетініне еш күмәнданбайды.
«Украинадағы соғыстың шешуші оқиғалары жақын арадағы екі-үш айдың ішінде өтеді. Әңгіме украин армиясының жоспарлы қарсы шабуылы жайында болып отыр», – деді саясаттанушы «24 арнаның» эфиріне берген сұхбатында.
Пионтковский осы үш ай шамасында Ресейдің жағдайы да тынатынын айтты. Оның ойынша, «Ресей – саяси және физикалық тұрғыда өлген ел».
Саясаттанушы РФ диктаторы Владимир Путиннің үлкен соғыстағы жеңіліске мойынсұна бастағанын, оның жеңіліске ұшырағанын біліп отырғанын, бірақ мына тығырықтан өзін аман шығарып әкетуден әлі де үмітті болып жүргенін айтты.
«Украина қазір көмек сұраушы ел емес. Украина бүгінде бүкіл Батыс қауіпсіздігінің доноры болып тұр», – деп атап өтті Пионтковский.
Айта кетейік, саясаттанушы Валерий Соловейдің пікірінше, қазір чекистер Путиннің әрекеттеріне риза болып отырған жоқ, олар соғыстың тез аяқталуы үшін диктаторды тақтан тайдырып жіберулері де мүмкін.
Ал шетелде қуғында жүрген социолог Игорь Эйдман Путиннің Украинадағы соғыс созып жіберетіндей жағдайы жоқ екенін, оның бұған қаржысы жетпейтінін баяндады.
Осы мәселені Украина бас барлау қызметінің басшысы Кирилл Буданов та айтып отыр.
Ескерту! Тағы да ескертеміз!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады