Ресейліктер Бахмутты қоршап алуға жанталаса ұмтылып жатыр
КИЕВ. 5 наурыз. Ресей оккупациялық армиясы Донецк облысындағы Бахмут қаласын қоршап алуға жанұшыра кірісті, бірақ айтарлықтай табысқа жеткен жоқ. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Украин ресурстары соңғы күндері соғыстың басты ұрыс қимылдары осы жерде жүріп жатқанын баяндап отыр. Жалпы, РФ басқыншылары бес бағыт бойынша шабуылға шығуды жалғастыруда. Соның ішіндегі ең күш көп шоғырланғаны осы Бахмут болып отыр.
«Украинская правда» бұдан бірнеше сағат бұрын орыс әскерлерінің Бахмутқа қысым жасауы өткен тәуліктен бері тағы күшейгенін хабарлады. Қазір қаланың іші мен төңірегінде кескілескен шайқас жүріп жатыр.
Сонымен бірге, Украинаның бұл ауданды элиталық бөлімшелермен күшейтіп жатқаны жайлы да ақпар тарады. Соңғы 36 сағаттың ішінде Бахмуттағы екі түйінді көпір қиратылған.
«Украина билігінің бақылауында тұрған жолмен қаладан шығып кету де барған сайын қиындап барады», – делінген хабарламада.
Ресей әскерлер сенбі күні Бахмут, Авдеевка, Марьинка және Угледар аудандарындағы сәтсіз шабуылдарын жалғастырды. Олар өлген-тірілгендеріне қарамай алға ұмтылуда. Бәр «мобик» осы жайында «Біздің бас-көз жоқ шайқастарға айдап салып жатыр» деп жазды.
Жау негізгі күштерін бұрынғысынша Купянск, Лиман, Бахмут, Авдеевка және Шахтерск бағыттарына төгуде.
Оккупанттар тәулікте 4 рет ракетадан атты, 10 рет авиациядан соққы берді, 4 рет дүркін отты реактивті жүйеден атқылады.
Ескерту! Тағы да ескертеміз!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады