Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Ресей Олимпиададан қашықтады: гимнастшылар құрамнан шығарылды

ЛОЗАННА. 4 наурыз. Ресей гимнасшылары Халықаралық федерация (FIG) құрамынан ресми түрде шығарылып, оның аясында жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ресей гимнастшылары FIG аясында ұйымдастырылатын халықаралық жарыстардан толық шеттетілді», – делінген хабарламада.

Халықаралық Олимпиялық комитет (ХОК) шенеуніктері Ресей мен Беларусь спортшыларын 2024 жылы өтетін Олимпиялық ойындарға жіберу керек пе, жоқ па деген пікірталасты жалғастырып, өзара даурыға ырғатылып жүргенде, жекелеген халықаралық федерациялар, оның ішінде Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) өздеріне қатысты мәселелерді өздері шұғыл шешіп тастап жатыр. Сөйтіп, ұйым ресейліктер мен белорустарды төртжылдықтың басты жарысына қатысулары ықтимал мүмкіндіктеріне айырып тастады.

26 ақпан күні FIG турнирлерде Ресей мен Беларусь символдарын пайдалануға тыйым салды. Ал 4 наурызда бұл екі ел өкілдерін жарыстарға қатысудан ажыратты. Бұған Украинадағы басқыншылық соғыстың әлі тоқтамай отырғаны себеп болды.

Бұдан бұрын Польша президенті Анджей Дуда Ресей мен Беларусь атлеттеріне үндеу арнап, онда Украинадағы соғыстың тоқтамай келе жатқанына аталған екі елде тұратын спорт қайраткерлерінің де кінәлары бар екенін мәлімдеген еді.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button