Бүгін Тоқаев пен Мирзиёев Шымкентте бейресми кездесу өткізеді
АСТАНА. 3 наурыз. Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірімен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкентке ұшып келді. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына келді», – деп жазды қазақстандық «Адырна» сайты.
«Бүгін Шымкент қаласында Өзбекстан мен Қазақстанның Президенттері Шавкат Мирзиёев пен Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласында бейресми ұшырасу өткізеді», – деп баяндады өзбекстандық Sputnik. uz порталы.
Агенттіктің хабарлауынша, тараптар екі жақты өзекті мәселелерді, сондай-ақ екі ел кәсіпорындары кооперациясы жобаларын талқылайды деп жоспарланып отыр.
Өзбекстан жаңалық агенттіктері бұл оқиға жайлы жарыса жазуда.
Мәселен, aniq.uz сайты «Бугун Чимкентда Мирзиёев ва Тоқаев учрашади» деп хабарлады.
«Норасмий учрашувда икки томонлама ва минтақавий кун тартибининг долзарб масалалари муҳокама қилинади, – делінген хабарда. – Икки давлат етакчи корхоналарининг устувор кооперация лойиҳаларини илгари суришга алоҳида эътибор қаратилади».
Сол сияқты kun.uz порталы «Шавкат Мирзиёев ва Қосим-Жўмарт Тўқаев Чимкентда норасмий учрашув ўтказади» деген бастақырыппен хабар жариялады.
«Бугун, 3 март куни Чимкент шаҳрида Ўзбекистон президенти Шавкат Мирзиёев ва Қозоғистон президенти Қосим-Жўмарт Тўқаевнинг норасмий учрашуви бўлиб ўтади.
Музокаралар кун тартибидан икки томонлама ва минтақавий кун тартибининг долзарб масалалари ўрин олган. Ўзбекистон ва Қозоғистон етакчи корхоналарининг устувор кооперация лойиҳаларини илгари суришга алоҳида эътибор қаратилади», – делінген онда.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады