Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Чехияның президенті қызметке кіріскесін мотоциклмен жүре беремін дейді

ПРАГА. 3 наурыз. Чехияның жақында сайланған президенті Петр Павел лауазымын атқаруға кіріскеннен кейін де мотоциклмен жүре беретінін айтты. Бұл туралы ČTK-ға сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

НАТО-ның отставкадағы генералы Петр Павел келесі аптада ресми түрде Чехияның президенті лауазымын бастайды. Ол жақында өткен президент сайлауында жеңіске жеткен еді.

Чехтың су жаңа президенті өзінің жаңа статусында да бұрынғыша мотоцикл айдап тұрғанды тастай қоймайтынын, мүмкіндік болып жатса, оның руліне отырып тұратынын атап өтті. Бірақ бұған мүмкіндік азайып қалады деп уайымдап отыр.

«Мүмкіндіктің соншалықты көп бола қоймайтынына қарамастан, биылғы жылы бұдан әрі мотоциклді тізгіндеп тұрғым келеді. Оған әлдеқандай бір жол тауып тұрамын деп ойлаймын. Біз әртүрлі шаралар кезінде кездесіп тұрамыз», – деді Петр Павел Прагада өткен мотоциклдер жәрмеңкесінде журналистерге.

Чехияның жаңадан сайланған президенті көрмеге өзінің BMW GS1250 мотоциклімен 35 шақырым жердегі үйінен келді. Бірақ Instagram-ға салынған сторизден көрініп тұрғандай, Павелді арнайы кортеж жағалай қоршап әкелген.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button