Мәскеудің түбіндегі Коломна қаласында күшті жарылыс орын алды
МӘСКЕУ. 3 наурыз. Өткен түнде РФ астанасы – Мәскеу облысындағы Коломна қаласының маңында күшті жарылыс болған. Бұл туралы Baza сайтының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Коломнадаға жарылыс іс жүзінде қаланың барлық аудандарына естілді», – деп жазды Baza.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс көрші селолардың бірінде түнгі сағат 21:30 шамасында орын алған.
Көргендердің айтуларынша, алдымен әуені тесіп өткен дыбыс естілген, соңынан Коломна жанындағы селолардың бірінің күл-қоқыс тастайтын аумағында жарылыс болған. Одан әрі түтін көтеріліп, от-жалын аспанға шапшып шыққан. Одан тараған толқыннан Төменгі Хорошевода үйлердің әйнектері дірілдеген.
«Мәскеу түбіндегі Коломнадағы жарылыс әуеде жасалды», – деп баяндады ТАСС құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып.
Алдын ала мәлімет бойынша, әзірге қаңқалары табыла қоймаған дронның шабуыл жасағаны жайында болып жатыр.
Бұдан бұрын, 28 ақпанда Мәскеуден 75 шақырым қашықтағы Коломна түбіне ұшқышсыз ұшақтың құлағаны хақында да сөз қозғалған. Келесі күні ФСБ қызметкерлері сол жақтан жарылғыш құрылғы тауыпты-мыс.
Shot сайтының хабарлауынша, Коломна түбіне құлаған украинның «Укрджет» өнеркәсібі шығаратын екпінде «UJ-22 Airborne» беспилотнигі болып шыққан. Ол жағар майы таусылып қалғандықтан құлап, ағаштардың біріне қанатын зақымдап алыпты.