18 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

РФ Брянск облысында арандату жасауды жоспарлаған болып шықты

3 Наурыз 2023 14:56
- Жаңалықтар, Қайнар
РФ Брянск облысында арандату жасауды жоспарлаған болып шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 3 наурыз. Брянск облысына Украина жақтан жасалған кешегі «террорлық шабуылы» РФ арнайы қызметі ұйымдастырған қойылым екені әшкере болып қалды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Gulagu.net жобасының РФ «иноагенттері» тізіміне кіргізілген кураторы Владимир Осечкин Брянск облысында «өзгенің туы астында» жасалған операцияның ұңғыл-шұңғылын ашып беріп, мұның РФ арнайы қызметі тарапынан ұйымдастырылған арандату әрекеті екенін баяндады.

Осылайша Брянск облысындағы орын алған оқыс оқиға Ресей пропагандасының Украина тарапынан жасалған террорлық шабуыл етіп көрсету үшін алдын ала ойластырып алған «жалған тудың астындағы» арзан операциясы болып шықты. Ол арада бір өтпей жатып-ақ айдай әлемге паш етілді, яғни масқарасы шығарылып әшкереленді.

Владимир Осечкиннің мәліметі бойынша, Брянск жеріндегі оқиға жоспар бойынша өрби алмай қалған.

Оның баяндауынша, «Украинаның диверсант-барлау тобының Ресей облысы аумағына басып кіріп, кепілдіктер алуы» жоспары алдын ала мұқият әрі өте қатаң сақтық тәртібімен әзірленген. Ол РФ мемлекетінің басшысының алдын ала келісімімен және бақылауымен қолға алынған. Операцияға қатысушылар күні бұрын дайындалып, олардың міндеттері белгіленген, территория артық әскери күштерден тазаланған. Оның бүге-шігесіне дейін білетіндер мәнбелердің мәліметтерінше, тіпті диверсанттардың өлі денелері мен бейбіт тұрғындар арасынан болатын құрбандықтардың мәйіттері де дайындалып қойылған.

Бірақ ресейліктердің арандату жоспарын оқиға орнына оның басталар уақытынан бір жарым-екі сағат бұрын келіп қойған «Орыс еріктілер корпусының» сарбаздары бұзып жіберген. Олардың кенеттен пайда бола кетуі мұндағы жұртты қатты шатастырған.

Осы жерде еске түсіре кететін бір жайт, украинның «Північ» командованиесі Ресейдің Украинаға басып кіруінің бір жылдығы қарсаңында РФ тарапынан арандату әрекеттері ұйымдастыруы ықтимал екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Дания премьер-министрі «Солтүстік тасқын» құбырындағы апаттың ойдан құрастырылып шығарылған диверсия екенін бірнеше рет айтып ескерткен еді.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады

Таңбалар: Брянск облысыдиверсияРФ

Ұқсас мақалалар

Собянин: РФ экономикасын соғыс рельсіне көшіру елді жоқ қылады
Дәулет

Собянин: РФ экономикасын соғыс рельсіне көшіру елді жоқ қылады

06.08.2026
РФ өз басқыншылығын ақтау мақсатында жалған ақпар таратуға көшті
Жаңалықтар

РФ өз басқыншылығын ақтау мақсатында жалған ақпар таратуға көшті

17.11.2025
Путин ядролық сынақтарды қайта бастауға дайындықты бұйырды
Жаңалықтар

Путин ядролық сынақтарды қайта бастауға дайындықты бұйырды

05.11.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist