Оралдың экс-әкімінің ұлы рашистер қатарында Украинада соғысып жүр
ОРАЛ. 2 наурыз. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласының бұрынғы әкімі ұлының Украинада оккупанттар сапында соғысып жүргені белгілі болды. Бұл туралы әлеуметтік желілер дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Орал қаласының әкімі, кейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған Самиғолла Оразовтың ұлы Бауыржан Оразовтың Ресей басқыншылары қатарында соғысқа қатысып жүргені жайлы хабар тарап жатыр. Ол өзін өзі жариялаған «ДХР» дейтіннің әскері қатарында жүрген көрінеді.
Оралдық журналист Лұқпан Ахмедияров өзінің Instagram-дағы парақшасына 45 жастағы Бауыржан Оразовтың қолына автомат ұстап, орыс армиясының формасымен тұрған суретін жариялады.
Аталып отырған Бауыржан Оразов бұрын Орал қаласында ішкі істер қызметінде болған екен. Бұдан бірнеше жыл бұрын полициядан шығып, Ресейге көшіп кетіпті.
Бұрынғы қызметтестері рәсімге қарап, Бауыржанды бірден таныпты.