Ресей бірінші рет украин дрондарының күшті шабуылына ұшырады
МӘСКЕУ. 28 ақпан. Ресей қалалары соғыс басталғалы бері бірінші рет украин дрондарының күшті шабуылдарын бастан кешті. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сейсенбі, 28 ақпан күні Ресейдің бірнеше өңірі бірден Украина Қарулы күштері ұшқышсыз ұшақтарының шабуылдарына тап келді. Бұл соғыс басталған бір жылдан астам уақыт ішіндегі майдан шебінен жүздеген шақырым жерлерде жатқан РФ тылдарына жасалған бірінші қуатты соққы болды.
Украинамен тікелей шектесетін Брянск және Белгород облыстарының соңынан дрондар шабуылына Мәскеудің маңайы, Ленинград облысы және Краснодар өлкесі ұшырады.
Кубаньда түнгі сағат 2-де жарылыс заттары бар екі дрон «Роснефти» қоймасының территориясына жоспарлы түрде құлады. Туапсеге жақын жерде Қорғаныс министрлігінің казармасы орналасқан нысанда жарылыс орын алып, өрт басталды, ал соққы тиген жерде әрбірі 1,5 метрлік екі шұңқыр қалды.
Осымен бір мезгілде Адыгеяда жарылыстар болды. Айрюм селолық қонысының әкімі Олег Коваленконың айтуынша, мұнда да жарылыстан кейін терең шұңқырлар қалған.
Арада бірнеше сағат өткеннен кейін, таңертең Санкт-Петербург билігі қаланың әуе кеңістігін танылмаған ұшушы нысаннан қорғау үшін әскери ұшақтар легін шығаруға мәжбүр болған.
Мәскеудің жанында да бірнеше жерде жарылыс болып, дрондар құлаған.