Украин әскерлері Угледар түбінде басқыншыларды тағы күйрете соқты
КИЕВ. 26 ақпан. Украина Қарулы күштері РФ әскерлеріне Угледар түбінде тағы да күйрете соққы берді, соңында өртенген танктер қалды, жау еңбектей қашты. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Ресей армиясының Угледар бағытындағы шабуылының тас-талқан болып бүлінгені түсірілген видео пайда болды.
«РФ Қарулы күштерінің Угледар түбіндегі кезекті шабуылы тоқтап қалды. Украина Қарулы күштерінің артиллериялары шабуылға беттеген ресейліктер колоннасын жойып жіберді», – деп атап көрсетті «Диалог.ua».
Украина артиллериясының жоғары дәлдікті соққылары ресейліктер танкілері брондарының быт-шытын шығарды. РФ әскерлерінің аман қалғандары соғыс машиналарын тастап, еңбектеп қашты.
Барлау мәліметіне қарағанда, оккупанттардың бесеуі ғана аман құтылған, қалғандарының дені оққа ұшқан, тағы бірқатары тұтқынға түскен.
Израильдің әскери шолушысы Игаль Левиннің мәліметі бойынша, РФ Қарулы күштерінің ақпан айындағы шабуылының басты бағыты Угледар болған.
Ресейліктер ақпан айында біпнеше мәрте бүкіл майдан бойына жаппай шабуылға шықты. Алайда оларға осы учаскені жарып өтудің орайы келмеген.
Ресей армиясы үшін Угледар бүкіл Донбасты басып алудың плацдармына айналуға тиісті болған. Бірақ идея іске асқан жоқ, ол көп ұзамай быт-шыты шығып күйреп қалды.