Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қытай Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптаудан бас тартты

НЬЮ-ДЕЛИ. 26 ақпан. Қытай Үндістанда аяқталған G20 саммитінде РФ-ның Украинаға басып кіруін айыптаудан бас тартып, коммюникені қабылдатпай тастады. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Үндістанда өткен «Үлкен жиырмалық» мемлекет-қатысушылары қаржы министрлері мен орталық банктері басшыларының саммиті қорытынды коммюникені бекіте алмай аяқталды. Құжаттың қабылдану рәсімін Ресейдің Украинаға басып кіргенін тікелей айыптаудан қашқан Қытай бұзды», – деп атап көрсетті британдық The Guardian.

Қорытындыда саммитті ұйымдастырушы ел ретінде үнді тарапы кездесудің нәтижесі бойынша өз мәлімдемесін жариялап, онда Мәскеу мен Бейжіңнен басқа елдердің Ресейдің Украинаға кең ауқымды шабуылын шешімді түрде айыптауға дайын екендерін атап көрсетті.

Жарияланған мәлімдеме өткен жылы Индонезияда өткен «Үлкен жиырмалық» лидерлері отырысындағы мәтінді іс жүзінде толығымен қайталап шығады.

Осы аралықта Deutsche Welle газетіне берген сұхбатында ГФР-дың қаржы министрі Кристина Линднер қорытынды құжатты қабылдауды тап Қытай тарапының бұғаттап тастағанын растады. Сол сияқты кездесуге қатысушылар коммюникеге «соғыс» деген сөзді кіргізу жөнінде де келісімге келмепті.

Өз кезегінде Бразилия бұрынғыға қарағанда, енді «өзінің Ресейге қатысты позициясын барынша айқын және сын көзімен қарауға» бағыттағанын білдірді.

Еске сала кетейік, Қытай осының қарсаңында Украинадағы соғысты аяқтаудың өзі дайындаған «бейбіт жоспарын» ұсынған еді. Ұзын саны 12 тармақтан тұратын ол бір жағынан мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтауға шақырса, екінші жағынан «оқ атуды жедел тоқтату», яғни Украина территориясынан Ресей әскерлерін алдын ала шығармай тұрып-ақ соғысты аяқтау жайлы айтылады.

Украина президенті Володимир Зеленьский Қытай бастамасына қатысты өзінің ойын білдіре тұрып, онда әлі де жетілдіре түсетін тұстар бар екенін баяндады. Сөз бірінші кезекте Украинаның территориялық тұтастығына қолдау көрсету хақында болып тұр.

АҚШ президенті Джо Байден өз кезегінде Қытай ұсынысының тек Ресей жағына ғана тиімді екенін айтып, оны сынға алды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button