Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Түркия «кірпілерінің» үлкен үйірі Украинға көмекке келе жатыр

АНКАРА. 23 ақпан. Түріктің Kirpi атты бронды машиналарының үлкен колоннасы Украинаға қарай беттеп келе жатқаны белгілі болды. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Аталмыш соғыс машиналары украин қорғаушыларына тапсыру үшін жеткізіледі.

«Украина Қорғаныс күштері алда болатын кең ауқымды қарсы шабуылға белсене дайындалуда. Осыған байланысты түрік өндірісі броневиктерінің үлкен колоннасы майдан даласына бара жатқаны байқалып қалды»,. – делінген хабарламада.

«Украина 365» тelegram-каналында сол көрініс көрсетілді. Kirpi колоннасын украин жауынгерлері түсірген.

Кадрға жүріп келе жатқан 10 машина түсіп қалған.

Анықтама: Kirpi – түрік өндірісі шығаратын бронетранспортер. Украина Қарулы күштерінің арсеналында қазір осы модельдің 200-ге жуық машинасы бар. Броневик артиллерия снарядтарынан қорғайтын броньмен қапталған.

Бүгін сондай-ақ Финляндияның Украинаға өзінің Leopard 2 танкісінің үшеуін жіберетін болып шешті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button