Украина әлем чемпионатына бармайтын болды, бойкотшылар қатары 10-ға жетті
КИЕВ. 23 ақпан. Украина құрамасы Ресей мен Беларусь боксшыларына қатысуға рұқсат етілгендіктен, Ташкентте өтетін әлем чемпионатына бармайтын болып шешті. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.
«Украина әлем чемпионатына байкот жариялады, бұған қоса, украин боксшылары, егер Ресей мен Беларусь спортшылары жіберілер болса, 2024 жылғы Олимпиялық ойындарға да байкот жариялауға ниеттеніп отыр», – делінген хабарламада.
Осы жолғы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өткелі тұр.
Украинаны оған қатыспауға итермелеп отырған ресейлік Умар Кремлёв басқаратын Халықаралық бокс ассосиациясының (IBE) ресейлік және белорус спортшыларына осы турнирге қатысуға рұқсат беруі болды. Бұдан бөлек, ресейліктер мен белорустарға өз елдерінің жалаулары мен гимндерін, сондай-ақ басқа да символикаларын пайдалануға рұқсат етілді.
Украин боксшылары тарапынан әлем біріншілігіне бойкот берілгенін Украина бокс федерациясының вице-президенті Олег Ильченко баяндады.
Шенеуніктің айтуына қарағанда, егер Халықаралық олимпиялық комитет РФ мен БР-ға төртжылдықтың шешуші жарысына рұқсат ететін болса, онда Париж Олимпиадасына да бойкот жариялауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Олимпиялық ойындарға бойкот жариялауды АҚШ бастады. Сосын оны Ирландия артынша қоштады. Содан соң бұл қатарға Ұлыбритания, Польша, Нидерланд, Канада, Чехия, Швеция, Швейцария қосылды.