Зеленьский: Байденмен Киевте жүргізілген келіссөз өте жемісті болды
КИЕВ. 20 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский бүгін Киевке келген АҚШ президенті Джо Байденмен жүргізілген келіссөздің өте жемісті болғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина басшысы Ақ үй егесімен екі жақты әңгіменің «өте жемісті» және «аса маңызды» болғанына ризашылық білдіріп, енді оның нәтижесінің ұрыс даласына ететін әсері көп болатынын атап өтті.
«Біз 2023 жыл біз үшін жеңістің жылы болады деп үміттенеміз», – деді ол.
Зеленьский сондай-ақ «бұл тарихи шайқастағы жеңістің» демократиялық әлемді жалғастыруға қажетті мүмкіндіктің бәрін жасайтынын айтты.
Оның айтуынша, Украина қазір өте күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр, бірақ АҚШ пен басқа әлемнің көмегі арқасында «тарихи жетістікке» жетеді.
«Бүгінгі келіссөз өте жемісті және аса маңызды және барыншы шешуші болды», – деді Зеленьский нәтижесінде бұлардың әсері майдан даласында айқын көрініс табатынын бұған қоса айтып.
«Әділ сотты қалпына келтіру мен қалыптастыру да маңынды болып табылады… агрессор өзінің басқыншылығы үшін жауап беруі және келтірген шығындарының орындарын толтыруы тиіс», – деді Зеленьский осыны қамтамасыз етуді қолдағаны үшін АҚШ-қа алғыс сезімін жеткізуден бұрын.
Хабарланғандай, АҚШ президенті Джо Байден бүгін Киевке келген сапары барысында Құрама Штаттар атынан $500 млн тұратын әскери көмектің жаңа пакеті берілетінін және Ресейге агрессиясы үшін қосымша санкциялар жасалғалы жатқанын мәлімдеді.
Бүгін сондай-ақ Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Украинаға $5,5 млрд көлемінде қаржылай қолдаудың жаңа пакеті ұсынылғанын жариялады.