Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

РФ армиясы соғыс басталғанына жыл толуына орай шабуылға шығады

КИЕВ. 8 ақпан. Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Олексий Данилов ресейлік оккупанттардың бұрынғысынша бар күшті Донбасқа төгетінін айтты. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Даниловтың ойынша, басқыншылар екі облыстың шекарасының шегіне дейін шығу үшін солай етеді.

Сонымен бірге, басқа бағыттарда да Украина Қарулы күштерінің позицияларына шабуыл жасап бағуға тырысады. Бұлардың қатарларына Запорожье және Харьков облыстарын жатқызуға болады.

Барлаушылар Путин Батыстың танкілері мен бронды техникаларының жаңа легі келгенше шабуыл жасап қалуға ұмтылады деген де болжам ұстанып отыр. Мұндай жаңа жойқын шабуылдың уақыты 15 ақпанға немесе 23 ақпанға тура келулері мүмкін.

Украин қорғаушылары кез келген майдан шебінде оқиғаның кез келген жағдайда өрбуіне дайын отыр, деді Данилов.

Қауіпсіздік хатшысының сөзіне қарағанда, ресейлік диктатор шабуыл үшін ақпан айын бекер таңдаған жоқ. Оған соғыстың басталғанына бір жыл толуына орай әлдеқандай «табыстар» жөнінде Ресей қоғамы алдында есеп беру керек. Оның үстіне, Путин 20 ақпан күні Федералды жиналыс алдында өзінің жолдауын оқып беруі тиіс.

Бүгін Украина президенті Володимир Зеленьский Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунактың шақыруымен Лондонға ұшып барды.

Кездесу кезінде Риши Сунак қорғаныс министрі Бен Уоллестен Украинаға қандай ұшақтар беруге болатынын зерттеуді өтінді.

Украина лидері парламентте сөйлегеннен кейін Британия королі Чарльз III-дің қабылдауында болды. Монарх мына соғыста украин елін қолдайтынын мәлімдеді.

Бүгін сондай-ақ Швеция парламенті Украинаға 400 млн доллардан аса әскери көмек беруді мақұлдады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button