Украиндар Угледарда татар еріктілерін түгел дерлік қырып салды
КИЕВ. 9 ақпан. Украина Қарулы күштері бүгін Угледар түбінде Ресей армиясы сапындағы этникалық татарлар батальонын түгелге жуық жойып жіберді. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.
Ресей әскерлерінің қалайда Угледарды басып алуға бағытталған талпыныстары оларды орасан зор шығынға алып келді.
Қазір ресейліктер соңғы бірнеше күн бойына Украина Қарулы күштерінің позицияларын алу жолында тұрақты шабуыл жасап тұр.
Ұрыс қимылдарының нәтижесінде РФ Қарулы күштерінің 155-ші және 40-шы теңіз жаяу әскерлері бригадалары ауыр шығындарға ұшырады. Олар енді ірі көлемде шабуылға шыға алатындай хәлде емес. РФ тап осы себептен кейін қанды қасапқа Татарстаннан алынған еріктілердің «Алга» атты батальонын салды. Бірақ олар да ұзаққа бармады, украин әскерлері олардың да ту-талақайын шығарып, түгелге жуық қырып жіберді.
«Бұдан бір аптаға таяу бұрын мен жаудың 3-ші армия корпусы құрамынан шайқасқа бригадалар шығарылғанын жазған едім… Дұшпан енді сол 3-ші армияның 72-ші бригадасы құрамындағы «Алга» еріктілер батальонын соғыста қолдануға шешім қабылдапты. Батальон Татарстанда жасақталған, оның құрамы негізінен этникалық «Еділ бойы татарларынан» құралды. Бұл 155-ші және 40-шы бригадалардың ірі шабуылдарға қатысуға жарамсыз болып қалғанының тағы бір айғағы, сондықтан жау майдан даласында бірқатар қысымды ұстап тұру үшін мобилизациямен келген этникалық батальондарды соғысқа пайдаланғалы жатыр», – деп жазды әлеуметтік желіде Tatarigami_UA. деген никпен көрініп жүрген украин армиясының офицері.
Угледар түбінде оккупанттар армиясының кезекті мәрте қырылып қалғанын қазір желіде Татарстаннан беріліп жатқан қазанамалар легі де байқатып отыр.
Бүгін Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері Ресейдің танкілерге қолдау көрсететін «Терминатор» деген соғыс машинасын да жойып жіберді.