Қазақстаннан түріктің Газиантепіне құтқарушылардың екінші легі жетті
АСТАНА. 8 ақпан. Бүгін қазақстандық құтқарушылардың екінші борты түріктің Газиантеп қаласына барып қонды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі қазақстандық құтқарушылардың бірінші легі 6 ақпан күні ұшып барғанын баяндады.
«Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшалоны Түркияға, Газиантепке қонды», – делінген хабарламада.
Министрлік команданың бара сала жүктерді түсіруге кіріскенін жеткізді. Бұдан әрі олардың іздеу-құтқару жұмыстарының учаскесі анықталады.
Қазақстандық құтқарушылардың бірінші тобы да Газиантепке барған болатын.
Құрамында 41 адамы бар арнайы топты Төтенше жағдайлар бірінші вице-министр Ибрагим Құлшымбаев бастап алып кетті. .
Еске сала кетейік. Түркияда 6 ақпанға қараған таң алдында күшті жер сілкінісі орын алды. Оның эпицентріндегі тербеліс 7,7 балға дейін барды. Қазіргі дейін зілзала салдарынан 6 мыңнан аса адамның қаза тапқаны, 35 мың адамның зардап шеккендері белгілі болды.
Елде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды. Сонымен бірге жеті күндік аза тұту мерзімі де белгіленді. Ол 12 ақпан күннің кешіне дейін созылады.
Қазіргі сағаттарда Түркияда жүрген 4 қазақстандықтың хабарсыз кеткені де белгілі болып отыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Ердоғанға көңіл айтты.