Ресейде сары-көк түсті тюбингі бар ұлды қатарлары ұрып тастаған
КИРОВ. 7 ақпан. Ресейде рашистердің жаңа буыны өсіп келеді: Киров облысындағы Нолинск қаласында қатарлары сары-көк түсті тюбинг ұстаған баланы соққы жыққан. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.
«Нолинск қаласында (Киров облысы, Ресей) балалар сары-көк түсті тюбингі (төбеден сырғанап түсетін үрмелі шана) бар құрдастарын жабылып ұрып тастаған», – делінген хабарламада.
Алдын ала дерек бойынша, 9 жасар бала үлкендердің жетектеуінсіз бір өзі төбеден сырғанап түсетін мұздаққа барған. Сол жерде оған сары-көк түсті тюбингіне қарап тиіскен өз қатарлары табылған. Олар мұны «сен украинсың» деп жабылып ұрған.
Таяқ жеген бала үйіне бет-аузы көгеріп келген. Ол болған оқиғаны анасына айтып берген. Өз кезегінде әйел бұл жөнінде құқық қорғау органдарына шағымдануды жөн көрмеген. Алайда полицейлер инцидентті біліп қойып, дереу тексеруге кірісіп кеткен.